Қазақстанда той өткізуге 5 жылға тыйым салынуы мүмкін бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Енді елімізде 5 жыл бойы мүлде той өткізілмеуі мүмкін! Парламентке осындай ұсыныстар түсуде... Десе де, карантинде той-томалақтарға тыйым салынып жатса, Абай Бегей, Алтынай Жорабаева сынды әртістер отбасылық мерекелерде ән шырқап жүр. Сонда бұл шектеулер оларға қатысты емес пе?

Тойлар 5 жылға шегерілмек! Жақында үкіметке отбасылық отырыстарды осы мерзімге кейінге қалдыру ұсынылды. Әлі қолдау таппаған, қарсы шығып жатқан жұлдыздар жетерлік. Тіпті, қазірдің өзінде каратиндік шектеуге қарамастан, Абай Бегей тойда ән салып, онысын желіге жүктеген. Алтынай Жорабаева да меншікті мерекеде төбе көрсетіп, тыңдарманын таңқалтты.

Асаба, актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей әріптестерінің бұл қылығын құп көрмейді. Тіпті ол тойды тоқтату туралы бастаманы қолдайтындардың қатарынан екен. Оның себебін Қайрат мырза былай түсіндірді:

Қайрат Әділгерей, актер:

– Білмеймін, бастапқыда кішкене ауырлау болатын шығар. Бірақ мен ойлаймын, жалпы бұл өнер адамдары үшін, жалпы біраз біздің еліміз үшін, экономикамыз үшін бір өсу, бір дүмпу, бір өрлеу деп ойлаймын.

Тележүргізуші: «оның үстіне бұл заң жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп қалған әншілердің санын азайтады», - дейді.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Бұрын біздің өнер адамдары тек қана тойға репертуар жазатын еді. Енді шыныменде сахнаға, өнерге көңіл аударатын болды. Той арқылы емес, сахна арқылы, творчество арқылы өзінің талантын танытатын уақыт келді деп ойлаймын.

Ал тойдағы ең сұранысқа ие әншілердің бірі – Асхат Тарғын: «Не болса да бәрін халықпен бірге көремін. Тойға рұқсат болмаса, басқа жұмыс қарастырамын» деп бекініп отыр. Әншіге әзірге мерекелерге байланысты ұсыныстар да түспеген.

Асхат Тарғын, әнші:

– Той болмаса онда басқа жұмыс жасаймыз. Ел қатарлы, жұрт қатарлы. Мен тойға шығып жатқан жоқпын. Мүмкін енді әр жерде болып жатқан шығар. Ауылдық жерлерде ұсақ-түйек құдалық анау-мынаулар. Бірақ мен әзірге шыққан жоқпын.

«Тойдың әншісі» деп айдар таққанды намыс көретін әртістер, жақын уақытта ондай отырыстарды сағынатыны сөзсіз.