Алтынай Жолдыбаева тағы та талқыға түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жолдыбаева жандырады, күйдіреді... Бұл жолы Кәмшаттың сіңлісі Алтынай, желіге судан шыққан суретін жүктеп, ерлер қауымын естен тандырды. Сылқымның «күлкім неткен әдемі еді» деген жазбасына: «Күлкің ғана емес. Иә, ғажапсың» деп жазып жатқандар жетерлік. Бір қызығы бұл жолы әншінің осы қылығын сөккендер мен ерсі көргендер аз.

Мәдина Сәдуақасова бүгін тұңғышының туған күнін тойлап жатыр! Әншінің ұлы алтысын толдырған. Әнуардың меншікті мерекесінде Мәдина үйін шаршалармен толтырып, жылтырақтармен безендірген. Желіде жұлдызды жанұяға ақжарма тілектерін ақтарып жатқан жанкүйерлері жетерлік.

"ОрыStar" тобы Billie Eilish-тің «Bad Guy» әнін қазақша әрі домбыраның сүйемелдеуімен орындап, көпшілікті таңғалтты. Тректі жігіттер сөзбе сөз, мағынасын қалдырып, ұйқасқа түсіріп аударған. Тіпті атын да өзгеріссіз «Мен жаманмын» деп қалдырыпты. Олардың бұл бастамасына сәттілік тілеп, басқа да туындыларды аударыңдар деп қолқалап жатқандар көп.