Карантин режимі жеңілдете сала, киногерлер кезекті картиналарын таспалап жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал Бүркіт бастаған отандық киногерлер карантин режимі жеңілдете сала, кезекті картинасын таспалауға кіріскен. Тіпті, продюсерлер мен режиссерлер кинотеарлардың ашылмағанына да қарамақ емес. Сонда, бұл саланың өкілдері кімге сеніп отыр? Олар туындысын қалай табысты етпек?

Бүркіт осымен үшінші толықметрлі фильмінің түсірілімін бастап кетті. Әнші төтенше жағдай режимі тоқтатыла сала, өзінің командасымен Таразға аттанған-ды. Кинопродюсерлікті қолған алған Бүркіт бұл жолы «Суперагенты» атты комедия ұсынбақ. Су жаңа картинада Сека Вайнс, әншінің өзі, жары Аиша және актер Мейірхан Шерниязов бой көрсетеді.

Еске салсақ, Бүркіттің бұған дейін жарық көрген екі бірдей фильмінің кассалық табысы сәтсіз болды. Соған қарамастан, әнші кинодан бас тартпақ емес. Түсірілім тобын да тек тәжірибелі мамандардан жасақтаған.

Бүркіт, әнші:

- Өте мықты группа жиналды деп ойлаймын. Азамат келсей бері. Азамат Дулатов, Дамир Тастембеков. Өңкей киноның майталмандары жиналып қалды. Сондықтан да сіздерге көп рахмет. Енді съемкамыз бәрі жеңіл өтсін деп тілеймін.

Баян Алагөзова болса, жыл соңында жарық көретін «Күшік құда» фильмін таспалап жатыр. Лентаның продюсері «Казахи» КВН командасының мүшесі Дастан Қалдыбаев. Киноиндустрияға бет бұрған әзілкеш те танымал актерлық құрам жасақтап көрерменнің көңілінен шықпақ ниетте.

Дастан Қалдыбаев, продюсер:

- Актерлық құрамды, негізгі рөлдерді мен өзім таңдағанмын. Жалпы сценарий жазылу барысында о баста сценарийді бастап жазып жатқан кезде мен ойымда болған қай қай актерлармен жұмыс жасаймын. Сол актерларды елестетіп отырып жаздық біз.

Ал Әділхан Ержанов кезекті фильмінің түсірілімін күні кеше аяқтады. Авторлық туындыларымен танылған режиссер бұл жолы «Коллективный иммунитет» атауына ие болған драма таспалады.

Ержановтың аталмыш фильмінде Данияр Алшынов басты кейіпкер. Еске салсақ, актер Әділханның «Қап қара адам», «Бой Атбая» картиналарында да бой көрсеткен еді. Ал, су жаңа лента келер жылы көрерменге жол тартпақ.