Жұлдыздар гаджет пен интернеттен бас тартуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Асқар Ілиясов сынды ғаламтордан бас тартып жатқан жұлдыздар жетерлік. Digital detox – яғни түрлі гаджет пен қосымшаларсыз уақытша болса да, өмір сүруге талпынғанның бірі - Әділжан Умаров. Ринголық әнші желіге жіпсіз байланғанын байқап, смартфонына интернетке шектеу қоятын арнайы қосымша орнатып қойған.

Әділжан Омаров, әнші:

- Бір уақыттары қарасам енді инстаграм дегенге 4-5 сағатым кеткен екен. Ол жерде сонша уақыт не істеймін деп, лимит деген нәрсе қойып қойдым. 1 сағат күніне.

Асылхан Төлепов болса, телефонға деген тәуелділік инстаграмның кесірі деп санайды. Сондықтан өнерпаз аталмыш желіге көп кірмеуге тырысады.

Асылхан Төлепов, актер:

-Жазда инстаграмымды бұзып тастаған. Негізі көп уақыттың бәрін алатын сол инстаграм сияқты. Сол кезде бұзып тастағанда 1,5 айдай жүрдім. 3-4 күндей жүрдім интернетке кірмей-ақ. Оған да үйренуге болатын сияқты.

Ал Зарина Алтынбаева әлеуметтік желіден демалып, жарты жылда бір рет диджитал-детокс жасап тұрады екен.

Зарина Алтынбаева, әнші:

-Менің инстаграм парақшама жазылғандар жақсы біледі, «достар алдағы 2-3 апта болмаймын, сау болыңдар» деп ескертіп, парақшамнан шығып кетемін.

Әсел Сәдуақасова да көзін ашқан бойда телефонын қолына алып, әлеуметтік желіге кіретіндер қатарында болған. Актриса диджитал кеселден құтылудың өз әдісімен бөлісті.

Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:

- Түнде телефонымды әдейі төсегімнен алыс жерге қоямын, өйткені түн ортасында автоматты түрде қолым смартфонымды іздеп кетеді. Ал, қол жетпейтін жерде болса, орнымнан тұруға ерінемін.