Анджелина Джоли балаларының болашағы үшін алаңдаулы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли өз балаларының болашағы үшін алаңдаулы! Әсіресе қара нәсілді Эфиопиялық Захара есімді қызының ертеңі, актрисаны күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған. «Бұл мемлекет менің қызыма қамқор бола алмайды екен», - деп пост жазған Джолиды, желіде қолдап жатқандар жетерлік. Энджи «Нәсілшілдіктен аулық болайықшы» деп үндеу тастап, осы жолда белсенділік танытуда.

Ким Кардашьян мен Канье Уэсттің тұңғышы 7 жасқа толды! Бұл жайында Ким желіде жариялаған. «Менің армандарымның ішіндегі – ең асылы. Дәл сенің анаң болғаныма бақыттымын Норт» деген Кардашьянның жазбасы жұрт көңілін босатты. Кішкентай сәнбикеге жер-жерден сыйлықтар ағылып келуде.

Теледидардан жарқырап жүрген жұлдыздарды, былайғы өмірде мейкап пен гримсыз көріп қалуыңыз неғайбыл. Ал олардың шынайы бояусыз бет бейнелерінің суреттері желіде тарап кетуі әбден мүмкін. Мәселен, Пенелопа Крусты ойда жоқта жолықтырсаңыз, оны танымай қаларыңыз анық. Ал Дженнифер Лопес сахналық образсыз да сұлу екен. Ақшақызды сомдаған Лили Коллинз экранда да, өмірде де бірқалыпты, көрікті.