Баян Алагөзова 14 жылдық тарихы бар «Кешью» тобын таратқаны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Елдегі карантин азулы продюсер Баян Алагөзованың өзін абдыртты! Мақсатқызы қаржыдан қиналғаны сонша, 14 жылдық тарихы бар «Кешью» тобын таратып жіберген. Енді, шоу-бизнестегі ең танымал гелзбендінің тағдыры не болмақ? Баян ханымның алға қойған жоспары қандай?

Бұл танымал гелзбенд ұсынған соңғы бейнебаян. Продюсер Баян Алагөзова: «Топтың келесі клипі болмауы да мүмкін», - деп отыр. Мақсатқызы туынды таспалау тұрмақ, қысылтаяң кезеңде қаржы үнемдеу үшін «Кешьюлік» аруларды туған жерлеріне таратып жіберген.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Әзірге қыздарды Алматыға қайта шақырамын ба, жоқ па білмей отырмын. Жағдай қиын, мерекелік кештер мен тойлар ресми түрде тоқтатылды.

Сондықтан да карантинге дейін жазылған әндер жарық көрер сәтін күтіп шаң басып қалған көрінеді. Мақсатқызы үшін Кешьюмен жұмысты жалғастыру тиімсіз болып тұр.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Бұл кәсіпті жалғастыру қазір маған тиімді емес. Өйткені қыздардың пәтері бар, олардың айлығы, педагог пен вокалы, би, ән жаздыру деген сияқты, бәрі менің мойнымда. Сондықтан тоқтаттым.

Сондықтан әзірге «Кешью» тобының болашағы бұлыңғыр. Продюсердің кейінге ысырған жобасы жалғыз бұл ғана емес. Мақсатқызы: «Кезекті киномды түсіруім де әзірге екіталай», - деп отыр.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Карантиннің екінші толқыны болады деген қауіп бар. Қазір бірнәрсе жоспарлаудың өзі қиын. Өмір алда, мен асықпаймын. Бәрі орнына келгеніне көзім жеткенде ғана жаңа жобаға кірісемін деп ойлаймын.

Ал, Баянның экс-жобасы, бүгінде келіні – Жарқынай Ханайым болса, жары Айдармен дуэт болып, Мақсатқызының кезекті жобасы боламыз деген жоспарымен бөліскен болатын. Ең қызығы, продюсер бұдан хабарсыз болып шықты.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Мен бұл жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Бәлкім олар сізге өз арманын жеткізген болар. Сосын Жарқынай қазіргі жағдайына байланысты жұмыс істей алмайды. Әрине, уақыт көрсетеді, екеуі әдемі жұп, неге дуэт болмасқа?!

Жарқынайдың қолынан тәтті шай ішіп жүрген өнер иесі: «Келінге қызыңдай, күйеубалаға ұлыңдай қарау керек», - дейді. Сондай-ақ, Мақсатқызы жастарды қолдау керек деп, болашақ құда мен құдағиларға кеңес берді.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Көптеген ата-аналар балаларының өміріне араласқанды жақсы көреді. Сол үшін де елімізде ажырасу өте көп. 01-00-35 Мен қызыма Айсәулеге егер отбасыңда мәселе туындаса, мені араластырма деп айттым.

Айта кетейік, продюсер еліміздің бас онкологы Диляра Қайдаровамен құдаласқан.