Селена Гомес өзінің инстаграм парақшасын қсыйға тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Селена Гомес өзінің инстаграм парақшасын қайырымыдылықпен айналысатын ұйымға сыйлады! Әншінің бұл әрекеті әлем жұртшылығының оң таңданысын тудырды. Тіпті Селенаға желі басшысы Кевин Систром: «180 миллион оқырманы бар платформаңды игі іске ұсынғаның үшін алғыс айтамын», - деді. Ал Гоместің өзі бұл жағдайға байланысты әлі пікір білдірмеді.

Меган Маркл мен Гарри ханзада патшалық жанұяның ең жолы болмаған жұптарының біріне айналды! Бұл әйгілі әулет туралы кітап авторы Фил Дампирдың айтқаны. «Пандемия кезінде ешқандай белсенділік таныта алмады. Оларға қызығушылық АҚШ-та бар болса бар шығар, бірақ Ұлыбритания халқы екеуінің қастарынан тіпті бұрылмастан өтіп кетері сөзсіз», - дейді Дампир. Есесіне, бұл аралықта Сассекстің өзге өкілдерінің тұрғындар арасындағы танымалдылығы арта түскен көрінеді.

Ханзада Гарри мен Уильмның анасы, ханшайым – Диана жайлы толықметрлі фильм таспаланбақ! Басты кейіпкерді - Кристен Стюарт сомдайды.

Ол жаңа образға қызу дайындыққа кірісіп кеткен! Кинорежиссер Пабло Ларраин: «Туындының сценарийіне кіріскенде, көз алдыма бірден Кристен елестеді. Ол келісімін бергенде қалай қуанғанымды айта алмаймын», - деп сұқбат берген. Болашақ лента "Спенсер" деген атауға ие болды. Онда қайырымдылықты жаны сүйген әйгілі ханшайымның қиын да, қызықты ғұмыры көрсетілмек.