Сара Амангелдіге гүл сыйлап жүрген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бәз-біреу Сара Амангелдінің жүрегін жаулауға тырысып жүр! Нақтырақ айтсақ, белгісіз жан Алматыдан 90 км қашықтықта орналасқан ауылға, түсірілімде жүрген Сараға тосынсый жасап, гүл жеткізді. Мұны байқаған әншінің әріптестері: «Мұндай жігітті жіберіп алма», - деп кеңес беруде.

«Мисс Қазақстан 2014» байқауының жеңімпазы Регина Вандышева Германияда өз галереясын ашты. Берлин қаласының қақ ортасында орналасқан өнер орталығында замануи суретшілердің тың туындылары назарға ұсынылмақ. Регина өз парақшасында: «Менің арманым орындалды», - деп жазып, қуанышты хабарымен бөліскен.

Ал экс-Аюмилік Әсел Жамақаева мектеп кезіндегі суретін желіге жүктеп, жанкүйерлерін таңқалдырды. Кекілі бар томпақ қызды көпшілік мүлдем танымай қалған. Бұның бәріне фастфуд кінәлі деген әнші, өз оқырманын күлкіге қарық қылды. Еске салсақ, Аюмилік бикеш Ринголық Батыр Байназаровқа тұрмысқа шығып, Сальма есімді қыз тәрбиелеп отыр.