Кім «Грэмми» марапатының жеңімпазы атануы мүмкін?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Грэмми» марапаты қазірде қызу талқыда! Көпті пандемия кезінде мәртебелі марапаттың болашағы алаңдатса керек. Тіпті, музыка саласының кіл мықтыларын анықтайтын шараға түрлі басылымдар болжам жасап әлек. Соның бірі әлемге әйгілі «Биллборд» журналы.

Болжамдары бұлжымастан орындалатын басылымның пайымынша, «BTS» ұжымы жүлдеге үміткер атанбайды. Күллі әлемді ауызына қаратқан корейлік бойзбендтің бірде-бір аталым бойынша тізімге ілінбей қалуы көпті таңқалдырған-ды. Әсіресе арми k-pop ұжым үшін қапалы.

Есесіне, осымен 63-ші рет өткізілетін «Грэмми» марапатында «Жыл альбомы» аталымын Post Malone, Леди Гага, Дуа Липа немесе The Weeknd иемденуі мүмкін. Ал «Жыл трегі» номинациясына Билли Айлиш, Джастин Бибер, Дуа Липа, Холзи және Селена Гомез өзара таласқа түспек.

«Биллборд» басылымының айтуынша, биыл «Үздік дебют» Doja Cat, Summer Walker, Tones and I және Roddy Rich-тің біреуі атануы бек мүмкін. Еске салсақ, бұл өнерпаздардың тректері бүгіннің өзінде хит атанып, трендке айналуда.

«Жыл әні» номинациясына The Weeknd-тің «Blinding Lights» трегі,

Post Malone-ның «Circles» әні және Billie Eilish-тің «everything i wanted» туындысы бақ сынамақ. Еске салсақ, Билли Айлиш былтыр 4 бірдей мүсіншені еншілеп, «Грэммидің» триумфаторы атанған еді.

«Грэмми» марапатының өзі болса, 2021-ші жылдың 31-ші қаңтарында өткізіледі деп, жоспарланып отыр.