Ирина Кайратовнаның су жаңа «Интро» трегі трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ирина Кайратовна тобының су жаңа трегі тыңдарман арасында қызу талқыға түсіп жатыр! Тіпті, бұл бейнебаян ютубтың трендттері қатарынан табылды. Соған қарағанда, ұжым мүшесі Алдиярдың қыз кейпіндегі ерек образы көптің көңілінен шыққандай.

Шоу Ирины Кайратовны 2 күн бұрын «Интро» трегіне бейнебаян ұсынды. Музыканттар бұл жолы тың туындыға ерек клип таспалап көпті таңқалдырды. Әсіресе жігіттерден батырлар мен қыз кейіпіндегі әсерлі образдарды ешкім күтпеген-ді. Ал видеода аруды сомдаған Алдияр көрермен көңілінен шыққандай. Тіпті оны q-pop ханшайымы Зирузаға ұқсатып жатқандар жетерлік.

ИК-ның бұл туындысы жарық көре сала, хитке айналды! Клип 300 мыңға жуық қаралым жинап, ютубта трендттегілер көшін бастап отыр. «Интро» әні Ирина Кайратовнаның жуырда жарық көретін «13-й выпуск» атты альбомына енбек.

Райм мен Артурдың су жаңа «Латте» әні де сұраныста. Жігіттердің 2 апта бұрын ұсынған анимациялық бейнебаяны 1,7 млн қаралым жинап үлгерген.

Райм, музыкант:

- Әрине біздер қай-қай жетістікке де қуанамыз.

Еске салсақ бұған дейін Раймның жеке орындауындағы «Двигаться» трегі музыкалы чарттарда бірінші болған еді. Бұл композциядан кейін, тыңдарман Райм мен Артурды бөлініп кетті деп топшалаған-ды.

Райм, музыкант:

- Бұл Райм Артур дуэті тарап кетті деген емес. Біз екеуміз де әлі әндер жазамыз. Әлі бұйырса сіздерді қуантамыз.

Райм, музыкант:

- Жалпы бізде «DD Records» үлкен орталығымыз бар. Сол орталықта Артур да менде жеке әнші болып ән жаза аламыз өзіміз. Ол жерде дуэт деген жоқ. Барлығы да әркім жеке жаза алады. Менің мысалыға жеке өзімнің 2017-ден бері, 2018, 2019-да жазған үш альбомым бар жеке.

«iTunes» чартының үздігі The Limba мен Andro-ның «X.O» трегіне ұсынған mood видеосы да трендте. Көпшілік қос музыканттың бұл әніне бейнебаян асыға күткен еді. Алайда өнерпаздар оның орнына кішігірім ролик ұсынуды жөн көрген. Туындыны 1 аптада 2 млн-нан астам адам тамашалаған.