Жолдыбаевалар таңғалдыруларын қояр емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жолдыбаевалар таңғалдыруларын қояр емес! Кәмшат желіге жаңа фотосессиясынан кадрлар жүктеп, ерлер қауымын естен тандырды. Төсін ашып, ақ кеудеше киіп түскен суреттері санаулы күнде 30 мыңға жуық лайк жинаған. Мінсіз мүсінді аруға тәнті болып жатқандар жетерлік.

Айгүл Мүкей киімге толы кең гардеробын көрсетті! Танымал тележүргізушінің кигеннен, киілмеген заттары көп екен. Видео барысында Мүкей-тегі өз бұйымдарын өмірінде бірінші рет көріп тұрғандай таңғалды. «Мәссаған мынандай да сөмкем бар ма еді? Қызығып ала бергенмін ғой», - деп күлді Айгүл ханым.

Қыз болсаң түрің қандай болар еді? Ұл болсаң ше? Желіде бейнеңді сан құбылдыратын қосымша танымал болып жатыр. Әсіресе әртістер қауымы оны жаппай сынауға кірісіп кеткен. Мысалы Мақпал Исабекова жігіт болса, талай арудың арманына айналары сөзсіз. Жұлдыз Өмірғали да сымбатты сері болады екен. Ал Жұлдыз Әбдікәрімованың жігіт кейпі, үлкен ұлы Нарұлдан аумайды.