Скриптонит онлайн концерт өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптонит тыңдармандарына арнап онлайн концерт өткізді! Тікелей транцляция арқылы эфирге шыққан рэпер, ерек кеш үшін ауқымды сахнаны арнайы жалдаған. Тіпті, жанына музыканттарды жинап, концертті ойдағыдай өткізу үшін барын салды.

Осылайша, онлайн кеште Скриптонит жалғыз болмады. Концертте хип-хоп орындаушы өзінің «Gruppa Skryptonite» атты командасымен бірге өз өнерін ортаға салды. Еске салсақ, Әділ Жалелов 2018-ші жылы дәл осы талантты музыканттарды жинап, жеке лейблын ашқан болатын.

Скрипидің бұл кеші өзге әріптестерінің онлайн концертінен өзгеше өтті десек артық айтпаспыз. Себебі, виртуалды технологияның көмегімен тыңдарман 360 градусқа дейін үңіліп, сахнаның әрбір бұрышына дейін көз жүгірте алды.

Ал Скриптониттің live концертін 1,5 млн-нан астам көрермен тамашалап отырды. Жанды дауыста өткен кеште рэпер көптің есінде жатталған ескі тректерімен қатар, су жаңа әндерін де орындады.

Скриптонит, рэпер:

- Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Біздің команданы бақылап отырыңыздар! Алда көптеген жаңалық болады. Бүгін тамашалағандарыңыз үшін тағы да алғыс айтам!