«Бір болайықтың» қос ғашығы ұлды болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бір болайықта» шілдехана! Әлібек пен Кәмила алғаш рет ата-ана атанды! Олар сезім шырғалаңы болған мекенде танысты, табысты, жанұя құрды. Тұңғыштары өмірге келген олардың сәбилі болғандағы әсерлері қандай? Шақалақ кімге ұқсайды?

«Бір болайық» бағдарламасы тағы бір адаммен толықты! Бұл жолы үміткер немесе қатысушымен емес, шақалақпен. Жобаның жарасымды жұбы Әлібек пен Кәмила ұлды болды. Тұңғышы өмірге келген Әлібек: «Әлі әкелік сезімді сезініп үлгермедім», - дейді.

Әлібек Боранбай, экс-қатысушы:

– Енді-енді сезіліп жатыр шыны керек. үйде Кәмила жоқ. Сосын оны іздейсің, сосын баланы іздейсің уже сағынғаннан ба... Үйде жалғыз болғаннан кейін. Сол енді сезіліп жатыр.

Ұлына – Алан деп есім берген Әлібек, баласын әлі қолына алмапты. «Қорқамын», - дейді жас әке.

Әлібек Боранбай, экс-қатысушы:

– Бірінші күні қасына қондым кәдімгідей. Бірақ мен көтерген жоқпын. Қорқам көтеруге. Бірінші күндері беті ісіп тұрды. Бірақ енді қазір енді-енді менің әкеме ұқсап келе жатыр. Бәрі айтады, әкеңе, маған да ұқсайды дейді.

Боранбай-тегі Алпамыстай ірі жігіттің әкесі болғанына әлі өзі сенбей жүрген көрінеді. Төрт келіден асып туылған сәбиге тіпті дәрігерлер де таңғалып жатыр екен.

Әлібек Боранбай, экс-қатысушы:

– Салмағы 4 те 200 бойы 55. Врачтың бәрі таңғалып жатыр ғой не деген батыр деп, не деген алып деп.

Ал алғаш рет ана атанған Кәмила сұқбат барысында толқығаннан, көз жасына ерік берді.

Кәмила Саян, экс-үміткер:

– Керемет сезім, сөзбен жеткізе алмаймын. Көрген бойда, бірінші секундтан ғашық болдым. Тіфә, тіфә жақсы,спокойный. Жылай бермейді. Бір апта болдық роддомның ішінде. Бала қырқынан шыққанша, ұйқың қанбай қиналасың деп еді. Бір аптасы өтті. Жақсы сияқты. Ұйқым да қанады, өзі де тыныш бала.

Әлібек пен Кәмиланы құттықтауға өнердегі және өмірдегі бір қатар достары келген. Еске салсақ, қос ғашық «Бір болайық» бағдарламасы аясында көңіл жарастырып, жобада жүріп отау құрған еді.