Ең сұраныстағы актерлардың бірі Санжар Мәдидің гонорары төмендеген бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Санжар Мәди карантиннің кесірінен біршама жобадан айырылып, қалтасы қағылған. Сондықтан да актердан «Иль-Куатро» тобы бейнебаянға түсу үшін жеңілдік сұраған көрінеді. Өнер иесі гонорарын төмендеткенін мойындаса да, «жұмыссыздық шарасыз қылды»,- деп асталап жеткізді.

Санжар Мәдиев, актер:

- Бәріміз карантинде болдық. Жұмыс та, кино да жоқ. Барлығы тоқтап қалды. Тіпті қосымша табыс табатын мерекелік шаралар да болмай қалды.

Ал аталмыш клипке әзірлік жұмыстары бір ай бұрын басталған. Төбелес сахнасының дайындығы ұзақ уақытты алған көрінеді. Экнш бағытындағы туындыда Санжармен бірге Қазақ ЮНИОН каскадерлар тобы да бой көрсетеді.

«ILL QUATRO» тобы:

- Қазақ юнион каскадерлік тобы бізбен жұмыс жасап жатыр. 05-00 денеміздің ауырып қалуы , аяғымыздың қисайып қалуы деген сияқты қызықты жайттар көп болды.

Сюжет желісі бойынша Санжар мен «Иль-куатро» жігіттері бір ару үшін жаға жыртысып қалады. Бейнебаян «байлық үшін жеңіл жүріске салынған арулар туралы», - дейді ұжым. Идея авторы әрі режиссері - Олжас Нұрбай.

«ILL QUATRO» тобы:

- Бұл бейнебаян ерекше болғандықтан, елдің үмітін ақтайтындай, тыңдармандарымыздың үмітін ақтайтындай бейнебаян болады деп үміттеніп отырмыз.

Жеңіл ақша табуды көздейтін бойжеткендер туралы бейнебаян ұжым продюсерлерінің қалтасын біраз жұқартқан көрінеді. Жаңа клип үшін олар 9 млн. теңге жұмсағандарын ашық айтты. Ал туынды өзін қаншалықты ақтап алатынын әрине уақыт көрсетеді.