Кайли мен Кендалл Дженнер бірігіп жаңа косметика желісін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли мен Кендалл Дженнер бірігіп жаңа косметика желісін ұсынды! Әпкелі – сіңлілі екеу іскерлік кәсіптері жайлы наурыз айының басында хабарлған болатын. Брендтерін біріктірген олардың опа-далаптары бірнеше күннен кейін онлайн сатылымға шықпақ. Алдын ала келіп түскен тапсырыстарға қарағанда, пайда көрсеткіші жоғары болатын сияқты. Еске салсақ, Каили Дженнер дәл осы сұлулық өнімдерінің табысы арқылы әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр.

Адель желіге жан тебірентерлік видео жүктеді! Әнші үш жыл бұрын Лондондағы Гренфелл-тауэр өртін еске түсіріп, көзіне жас алды. Аталмыш апатта 72 адам көз жұмған болатын. «Бұл орны толмас қасірет. Оны бірден ұмытып кету де қиын. Қаза тапқандардың жақындары, мықты болыңыздар!», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, қанша уақыт өтсе де, бұл оқиғаның жай жапсары әлі анықталмады.

Күні кеше Кристина Асмус пен Гарик Харламов ресми түрде ажырасатындарын мәлімдеді! Жұлдызды жұп бұл шешімді бір жыл бұрын бекітіп қойған екен. «Бірақ сәті осы күнге түсіпті», - дейді Гарик. Сегіз жыл іргесі ажырамаған жанұя, ешқандай дау-дамайсыз айырылысуды құп көріпті. Мал-мүліктен, Кристина өзіне қала сыртындағы үлкен үйді алып қалса, Харламов Мәскеудегі пәтерге көшкен. Екеуінің алты жастағы Анастасия атты қыздары бар.