Актриса Айым Сейітметова карантин кесірінен бал айынан бас тартуға мәжбүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл сайын мұхит асып, жазғы демалысын шетелде өткізетін жұлдыздар, карантин кесірінен әзірге Қапшағайдан аса алмай отыр. Ал, Дидар Кәден болса, өзіне келгенде сараңдық танытатын көрінеді. Әнші ақшасын неге үнемдеп жүр?

Танымалдардың Мальдив аралындағы стористері бұл жазда Алакөл мен Бурабайдың көркімен толады. Мәселен, Мейіржан мен Дана, Әли Оқапов, Жәния Джуринская мен «Асылдық» Ақерке Бүркітбай шетел емес, демалысты Қапшағайдан бастап кетті.

Қапшағай жағалауына жиналған жұлдыздар жанынан жуырда Дидар Кәденді де байқап қалсаңыз таңқалмаңыз. Себебі, ол: «Карантин болмағанның өзінде шетелге баруға құмартқан емеспін»,- дейді.

Дидар Кәден, әнші:

- Oл бір ақша қимай деген не емес, өзім негізі осы алматы төңірегін, мен таулы аймақтарды жақсы көремін. Жылыны бір рет мен барып тұрам. Жол бойы өткен кезде балкашқа не алакөлге соғамын деген секілді. Аяу, экономия деген нәрсе емес, көбінесе уақыт.

Айым Сейітметованың шетелдегі видеоларға қызыға қараудан басқа амалы жоқ. Өйткені актриса карантин кесірінен АҚШ-та өтетін бал айынан бас тартуға мәжбүр болған.

Айым Сейітметова, актриса:

- Негізі америкаға виза ашқан болатынбыз 10 жылға, енді мартта бюарайын деп жатқанда, енді билет алайын деп жатқанда осындай жағдай туындап қалды. Енді өкінішке орай күту керек енді, қашан ашылатынын.

Енді Сейітметова әуе қатынасы ашылғанша, өзін қызу жұмыспен алдай тұрмақ.

Айым Сейітметова, актриса:

- Демалған соң шетелге барған дұрыс. Қазір жұмысқа кірісіп кеттім, жобаларым бар кезде тоқтатпағаным жөн. Карантинде онсыз да демалып үлгердім.

Шетелдегі демалысын Баян Мақсатқызы да сағынып жүр. Продюсер тіпті соңғы кезде жатса да, тұрса да осы сұрақпен бас қатырып жүрген сыңайлы. Әзірге Еуропаға саяхаттай алмайтынына Алагөзова ханым қатты қынжылады.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Есіме бекер салдыңыз. Шетелге бармайтынымды ойласам, жүрегім ауырады. Жолдасым екеуміз саяхаттағанды жақсы көреміз. Машинамен Еуропаны аралау, қайықпен бүкіл жағажайды көру...

«Жаным саяхатты қаласа да, сақтанудан өзге шара жоқ»,- деген өнер иесі, енді еліміздің әсем жерлеріне барамын деп жоспар құрып отыр.