Актриса Динара Бақтыбаева ана атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Актриса Динара Бақтыбаева ана атанбақ! Өнер иесі Айтасовтар әулетін сәбимен толықтыруға дайындалып жүр. Бұл туралы бикеш инста-парақшасында мәлім етті. Көпшілік өнер иесіне ақ тілегін жаудыруда. Ал, Бақтыбаеваның өзі болса: «Алып-ұшқан сезімде жүрмін. Эмоцияммен бөлісудің өзі қобалжытады», - дейді.

«Кешью» тобы қайта жұмысқа кірісті! Таяуда ғана топты таратамын деген Баян Мақсатқызы, өз ойынан айныған сыңайлы. Гелзбенд жаңа альбомға қызу дайындықты бастап кеткен. 3 айлық демалыстан соң арулардың камбэгы қалай болары әзірге белгісіз.

Шығармашылығын қолға алғандар арасында Арман Қоңырбаев та бар. «Мистерионстық» сері де карантиннен соң алғаш рет студияға бас сұқты. Қоңырбаевтан жаңа туындыны тыңдармандар сағынып қалған сыңайлы. Ендеше сәттілік серік болғай!