Камила Кабейо кезекті клипімен ел жүрегін елжіретті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Камила Кабейо кезекті туындысымен ел жүрегін елжіретті! Әнші әкелер күніне арнап, «First Man» атты трегіне бейнебаян ұсынды. Онда Камила ет жақынымен бірге балалық шағының естеліктерін тамашалап отырады. Тіпті, бұл видеороликті тамашалаған көпшілік арасында көзіне жас алғандар да жетерлік.

BTS тобы болса, әзірге бейнебаян ұсынуға асықпайды! Есесіне, оңтүстік корейлік k-pop ұжым «Stay Gold» атты жаңа трегімен тыңдарманын қуантты. Туындық жарық көре сала, әлемдік Itunes чартының үздіктері арасынан табылды.

Ал америкалық хип-хоп орындаушы Khalid ерек дуэтпен таңқалтты! Соул әнші әріптесі Victoria Monét-мен бірлесе «Experience» трегіне дуэт ұсынды. «Тәжірибе» деп аталатын бұл туынды, қос өнерпаздық шығармашылық жолында расымен де жаңа тәжірибе екені сөзсіз.

2000 жылдары әр туындысы хитке айналған «The Black Eyed Peas» тобы алыспай беріспейміз дейді! Ширек ғасырлық тарихы бар ұжым су жаңа «Ritmo» атты альбомдарын ұсынды. Жинақта Maluma, J Balvin, Шакира сынды азулы әртістермен әсерлі каллобарациялар жетерлік.