Отандық жұлдыздар коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқанына рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 вирусының екінші толқыны болуы мүмкін дейді. Мұны естіген «Голос Украина» шоуының суперфиналисі Индира Еділбаева шығармашылығым шыңдалмай қалды деп, өкпе-назын білдірді. Есесіне, Медеу Арынбаев кезекті каратинге сақадай сай екен.

Индира Еділбаеваның «Голос Украина» жобасынан кейін танымалдылығы артқаны анық. Алайда әнші карантин кесірінен жанкүйерлерімен жүздесіп, концерт бере алмадым деп қынжылады. Инди әзірге тек әлеуметтік желі арқылы шығармашылығын шыңдап жүр.

Индира Еділбаева, әнші:

- Кішкене қиын болып жатыр, бірақ енді мен үшін менің инстаграмда көптеген видеолар жазып жатырмын. Өзімнің шығармашылығымды істеп жатырмын.

«Коронавирустың екінші толқыны басталса, ең әуелі өнер адамдарына қиын болары анық», - дейді Жәмилә Серкебаева. Танымал скрипкашы тіпті мәдениет саласының өкілдері қаражатсыз қалады деп уайымдайды.

Жәмилә Серкебаева, скрипкашы:

- Өнер әрдайым қиын кездерді бастан кешкен. Ол әлі де жалғасын табады. Мысалы дәл осындай пандемия кезінде шығармашыл адамдардың қол аяғымыз байланып қалғанын түсінеміз. Оның үстіне, бүгінде шектеу тым көп.

Есесіне Медеу Арынбаев тағы да төтенше жағдай болса, дайынмын деп отыр. Өнер иесі карантин күшейгенімен, расымен талантты музыканттарға деген сұраныстың азаймайтынын айтады.

Медеу Арынбаев, әнші:

- Біз әртіс адамдар басқа да амалын табармыз күн көрісті. Бауырларымды айтамын, қарындастарымды айтамын. Мен ол далада қалмаймын. Мен ол әнімді айтып еш жерде мен жеркенбеймін еш жерде қаймықпайтын әншілердің қатарындамын. Дауысымына сенемін, әнімен сенемін. Тыңдарман аз болса да, тұрақты тиянақты тыңдармандарым бар.

Медеу мырза пандемия өнер адамдарының қалтасын қаққанын мойындайды. Әнші мұндай қиын кездерде артық қаражатының болмағанына қапалы.

Медеу Арынбаев, әнші:

- Өзге елдерде дамыған елдерде дейміз, әншілер, әр әншінің өзі миллион демей-ақ қояйық одан да көп қорлары бар. Жинақтаған олар сол қолы ашық дархандығы сондықтан. Олардың табысы мүлдем басқа.

Десе де, Арынбаев бүгінде ең бастысы денсаулық деп отыр. Өнер иесі: «Халық сақтық шаралары туралы ұмытпаса екен», - дейді.