Голливуд киноиндустриясының жағымды жаңалықтары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд киноиндустриясының жағымды жаңалығы жетерлік! Әйгілі «Аватар» фильмі су жаңа бөлімінің түсірілімін бастап кетті. Режиссер Джеймс Кэмерон көрермен көптен күткен фантастикалық фильмді таспалап жатқанын мәлімдеп, сүйінші сұрады.

Еске салсақ, «Аватар» фильмі сәуір айында таспалануы тиіс еді. Алайда пандемия кесірінен жоба кейінге шегерілді. Бүгінде аты аңызға айналған лента Жаңа Зеландияда түсірілімін жалғастырып жатыр.

Ал «Аватар 2» атауына ие болған кезекті картинаның сюжеті негізгі кейіпкерлер Джейк пен Нейтиридің қыздарының өмірге келуінен басталады. Олар өз қонысын ауыстырып, Пандора ғаламына саяхатқа аттанады.

Джуд Лоу да үлкен экрандарға қайта оралмақ. Актер су жаңа фильмінің трейлерін ұсынды. Киножұлдыз бұл жолы «The Nest»\Гнездо\ атты драмада басты рөлді сомдайды. Джуд аталмыш лентада АҚШ-тан Ұлыбританияға

Еске салсақ, «The Nest» лентасы бұған кейін «Сандэнс» кинофестивалінде жабық түрде көрсетіліп, киногерлердің оң бағасын алған еді. Шон Буркин режиссерлық еткен фильм қыркүйек айында жарық көрмек.

Ал кино әлемінің кіл мықтыларын анықтайтын «Алтын Глобус» марапаты кейінге шегерілді! Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аталмыш шара 2021-ші жылдың 25-ші ақпанына ауыстырылған. 78-ші рет ұйымдастырылатын «Golden Globe Award» премиясында әдеттегідей Тина Фей мен Эми Полер жүргізуші ретінде қала бемек. Еске салсақ, бұл шара танымалдығы жағынан «Оскармен» пара-пар.