Billboard басылымы үздік тректер тізімін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі, ең беделді Billboard басылымы тыңдалымы жағынан рекорд орнатқан тректер тізімін анықтады!

Бірнеше жыл бойы белсенділігін жоғалтқан Ники Минаж бірінші! Тіпті, бұл адуынды рэпердің дауыл алдындағы тыныштығы болса керек. Оның жас хип-хоп орындаушы 6ix9ine-мен шырқаған «TROLLZ» трегі трендтте. Ал аталмыш клип әдеттегідей Никидың стиліне сай таспаланған. Бәз-баяғыдай ашық-жарқын түсті локация мен эпатажды образдарды бейнебаянда байқай аласыз.

«Rockstar» трегі де мықты тректер арасында. Бұл қос хип-хоп орындаушы DaBaby мен Roddy Rich-тың су жаңа туындысы. Қос өнерпаз тандемге ұзақ дайындалған көрінеді. Еске салсақ, Roddy Rich осыған дейін Billboard чартынан «The Box» әнімен табылған еді.

Үздік үштікті Lil Baby «The Bigger Picture» әнімен түйіндейді. Бұл трек бұрынғылардан өзгерек. Онда рэпер нәсілшілдік тақырыбын көтерген. Туындының таспалауына 25 мамыр күні полиция қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың оқиғасы негіз болған. Өнер иесі дәл осылай «Black Lives Matter» атты наразылық акциясын қолдағысы келгендей.