Михаил Ефремов жазасын өтеуге әзір!

Сообщить о проблеме с эфиром

Михаил Ефремов жасаған қылмысы үшін жазаны толыққанды өтеуді қалайды. Тіпті театр және кино актеры қаза тапқан Сергей Захаровтың кәмелет жасына толмаған балаларын асырап алып, олардың бүкіл жағдайын жасап беруге бекініп отыр екен. Қала берді, Михаил үй қамаққа емес, нағыз түрмеге жабуды өзі өтінген. Күні кеше дәрігерлер Ефремовқа «созылмалы алкоголизм» диагнозын қойған.

Виктория Бекхэм жалғыз қызына өкпелі. Атақты сәнгер үш ұлдан кейін қызды болғанына қатты қуанған екен. Тіпті сол сәтте: «Менің жолымды қуып, дизайнер болса, арманым жоқ», - деп сұқбат та берген. Бірақ Харпер әке жолын таңдап, доп тебуге әуестеніп кетіпті. Викторияның өзі бұл жағдайға байланысты: «Артымнан пышақ сұққандай болды. Қиын», - деп пікір білдірген.

Моника Беллуччи Париждегі «Jam Capsule» көрмесінің ашылу салтанатында бой көрсетті! Бұл актрисаның ұзаққа созылған карантиннен кейінгі ірі іс-шарада алғаш төбе көрсетуі. Қара комбенизон мен ақ туфли киіп келген ол, жұрт назарын өзіне аударумен болды. Естеріңізге сала кетейік, Моника пандемияны екі ай бойы Францияда, екі баласымен бірге өткізген еді.