Жұлдыздар ҰБТ-дан кейін өмірдің тоқтап қалмайтынын айтып, түлектердің көңілін аулады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал біздің Отандық шоу-бизнес өкілдері Виктория Бекхэмнің айтқанымен келіспейді! Себебі олар «әр бала мамандығын өзі таңдауға құқылы» деген пікірде. Үш таңдаудың бірінде қателесіп, бірақ өмірде өз жолын тапқан жұлдыздар кімдер?

Үш таңдаудан қателеспеу керек! Үлкен өмірге қадам басқалы отырған жастарға жиі айтылатын сөздердің бірі осы. Бірақ өнер өкілдерінің басым бөлігі бұл қағидада қалт кеткен бе дерсің. Себебі олардың мамандықтары басқа, ал қазіргі ұстанған жолдары мүлде бөлек.

Мәселен, режиссер Асқар Бисембиннің кезіндегі дәрігер екенін бірі білсе, бірі бейхабар. «Әулет жолы мен әке сөзін бұза алмадым», - дейді Асқар мырза.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Мен мамандығым бойынша психиатр-наркологпын. Біздің әулетімізде барлығы дәрігер. Мен де, сол жолды қуып, білім алдым. Бірақ, жұмыс істемедім.

Бірақ режисердың отбасы кейін келе Асқардың жан дүниесін түсініп әрі оны қабылдап, өнер жолына кетуіне баталарын берген.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Менің марқұм әкем айтушы еді, «не ұнаса сонымен айналыс» деп. Сол кісі айтқандай, әрбір адам алған біліміне қарамастан, жанына жақын дүниемен шұғылданғаны дұрыс.

Ал «Баланың өмірдегі азығына айналатын мамандығын таңдауда, ата-ана килікпеу керек», - деген пікірді ұстанатындардың бірі Жанна Орынбасарова. Кезінде әншінің өмірінде де қиын кезеңдер болған екен.

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Адам мысалға, официант болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ, шопыр бала болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ. Әр адамның мақсаты бар ма, сол мақсатқа өзі жүрсе, сол мақсатқа қарай жетістігіне жетсе, кім оған ешкім оған қарсы болмайды.

Ал Тәуекел Мүсілім: «ҰБТ өмірдің соңғы баспалдағы емес», - дейді. Негізі мамандығы инженер-механик тележүргізуші, бұл саланы анасының айтуымен таңдапты. Мүсілім-тегі өнерге қадам баспас бұрын талай қиындықтан өткенін айтады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Өзім негізі бұрын киноға келмес бұрын, официант болып жұмыс істегенмін. Сондықтан кішігірім бұл кәсіп жақын деп ойлаймын.

Ал талай жұмыстың басын шалып көрген Асылхан Төлепов бүгінде өз жолын тапқаны сөзсіз. Бірақ актер бүгінгі жетістігіне оңай жетпегенін жеткізді. «Берілмедім, сынбадым, артқа қарайламадым» дейді Төлепов.

Асылхан Төлепов, актёр:

- Бірден енді жетістікке жете қойған жоқпыз. Бірден киноға түсіп кеткен жоқпыз. Өнер академиясында оқып жүргенімізде, яғни базарда банан сатып жүрген кездерім болды. Ол енді жасыратын түгі жоқ.

«ҰБТ-дан алған аз балл немесе шалыс таңдалған мамандық болашағыңның жарқын болуына кедергі емес», - дейді танымалдар.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться