Мамандығын ауыстырған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Алагөзова отандық шоу-бизнесте асығы алшысынан түспегенде, қазір бәлкім ұстаз болып жүрер ме еді?! Мақсатқызы әуелде анасының қалауымен мұғалім атануы тиіс еді. Алайда азулы продюсер анасына айтпай, құжаттарын басқа оқу орнына тапсырған.

Ал Мақсатқызының шәкірті Кәмшат Жолдыбаеваның «педагогика» мамандығы бойынша дипломы бар. Әнші Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің түлегі. «Кешьюдің» құрамына қабылданбағанда, Жолдыбаева мұғалімдер қатарынан толықтырар еді.

Актриса әрі вайнер Нагимуша да Жолдыбаеваның жолымен «бұрынғы АГУ-ға» оқуға түскен. Вайнерлікке бет бұрған сылқымның мұғалімдің білімі болашақта ана атанғанда кәдесіне жарар деген сенімдеміз.

Ал Алтынай Жорабаеваны Түркістан қаласындағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектері ұлағатты ұстаз ретінде таниды. Әнші аталмыш білім ордасын тәмәмдаған соң, біраз уақыт мұғалімдік қызмет атқарған.

Өнер салсаына кетпегенде, ресейлік актриса Анастасия Заваратнюк та ұстаз, актер әрі шоумен Павел Воля орыс тілінің мұғалімі, ал Потап дене шынықтырудан сабақ берсе, әнші Стинг пен режиссер Стивенг Кинг ағылшын тілінің оқытушысы атанар еді. Сондай-ақ, танымал актерлар Сельвестер Сталоне, Джоди Фостер мен Гарри Потер авторы Джоан Роулинг те педагогикалық білім алған.