Назима «Black Star» лейблынан кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Назиманың ТМД-ға танылуына септігін тигізген Тиматидің дәл өзі болатын. «Песни ТНТ» жобасынан кейін ол Назимаға келісім-шарт ұсынып, өз қарамағына алған еді. Сол уақыттан бері Юнусов мырза отандасымызға 10 шақты бейнебаян таспалап, 3 бірдей EP альбомының жарыққа шығуына көмектесті. Сондықтан болар бастығының Black Star-дан кететіні, отандасымызға оңайға соқпаған.

Nazima, әнші:

– Біз үшін күтпеген жаңалық болды. Әрине бәріміздің көңіліміз түсіп кеткені анық. Бірақ біздің команда Тиматиға ең бастысы тек сәттілік тілейді.

Десе де, Назима: «Тиматидың лейблдан кетуі шығармашылығыма әсерін тигізбейді», - деп отыр. ««Black Star» қарамағында қалған ол, ары қарай да өзін жеке әнші ретінде танытпақ.

NAZIMA, әнші:

– Бұл жағдайдың шығармашылығыма ешқандай әсері тимейді деп сенемін. Себебі, мен жеке әнші ретінде өз-өзімді алып жүре алатын жағдайға жеттім. Болашақта тәуелсіз болғым келеді.

Енді Назима шығармашылығына шындап кіріспек ниетте. Өнер иесі алдағы уақытта су жаңа тректерін жарыққа шығармақ. Бұл жолы тың туындыларының авторы өзі болады.

NAZIMA, әнші:

– Лирикалық әндер дайындап жатырмын. Әрбір тыңдарманның жүрегіне жетеді деген үміттемін.

Назима бүгінде тек өнерде ғана емес, өзін бизнесте де байқап көрмек. Әнші жаңа жобасы үшін біраз уақыт әлеуметтік желіден алшақтап, жанкүйерлеріне тосын сый әзірлеген көрінеді.

NAZIMA, әнші:

– Әлеуметтік желіден біраз демалғым келді. Бірақ дегенмен оқырмандарымды сағындырмай қайта оралдым. Алда жаңалықтар өте көп. Менімен бірге болыңыздар!