Жұлдыздар жаппай жазғы демалысын қайда өткізді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Санжар Мәди, Мейіржан Төребаев, Айым Сейтметова... Жаз маусымы бастала, Каспий жағасын жағаламаған жұлдыздар кемде-кем. Тіпті, Айжұлдыз Адайбекова, вайнер Нагимуша бастаған кей арулар бал айын дәл осы Ақтау қаласындағы қымбат қонақ үйде өткізгенді жөн көрген. Ал Жәния Джуринская болса, жағажайдағы демалыста ата-анасын болашақ күйеубалаларымен таныстырды.

Шоу-бизнес өкілдері жиналған бұл мекенді әркімнің де қалтасы көтере алмасы анық. Аталмыш демалыс орнында 1 тәулік түнеп шығу құны 200 мың теңге. Еске салсақ, мұндай сомаға Мысырдың 5 жұлдызды қонақүйде 4 күн алаңсыз тынығып қайта аласыз.

Десе де, өзіне «luxury» демалыс сыйлай алмаған жұлдыздар жетерлік! Мәселен, Айқын, Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбайға Қапшағайды місе тұтуға тура келді. Тіпті, актриса Бибігүл Сүйіншалина әрбір фотосына #Қапшагоа деп ерек хэштег қалдырып, су қоймасының жағалауын Үндінің жағажайына теңеді.

Ал Алматы төңірегінен аса алмаған әріптестерін Дидар Кәден ақтап алуға тырысты. Оның айтуынша бар мәселе ақшада емес көрінеді.

Дидар Кәден, әнші:

- Ол бір ақша қимай деген не емес, өзім негізі осы алматы төңірегін, мен таулы аймақтарды жақсы көремін. Жылына бір рет мен барып тұрам. Жол бойы өткен кезде балкашқа не алакөлге соғамын деген секілді.

Алакөл демекші, Қазақстанның Шығысына аттанып, шабыт іздеп келген Баян Алагөзова бар. Әдетте әлемнің ең әдемі жерлерін аралайтын продюсер Алакөлдегі қымбат қонақүйлердің біріне жайғасқан. Ондағы демалыстың құны – тәулігіне 55 000 теңге.