Джонни Депптің жеке өміріндегі жаңалықтар қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Джонни Депптің жеке өмірі жіті назарда! Голливуд жұлдызының ғашығын кездестіргені жайлы ақпарат тарап үлгерді. Инсайдерлердің айтуынша, актердің бұл жолғы таңдауы модель Софи Германнға түскен. 33-ке толған сәнбике мен 57 жастағы Депп жыл басында көңіл жарастырса керек. Еске салсақ, Джонни экс-жары Эмбер Хердпен ажыраса алмай, әлі күнге дейін дауласып келеді.

Наоми Кэмпбелл де Депптің күйін кешіп жүр! Супермодель өзінің бұрынғы күйеуімен соттасып әлек. Экс-жары Владислав Доронин, сәнбикемен ажырасқан соң, сылқымға табыстаған тартуларын кері қайтарып алмақ ниетте. Ең қызығы, жұп сонау 2013-ші жылы ат құйрығын үзіскен болатын. Содан бері, Наомидың басынан дау арылар емес. Десе де, бикеш сыйлықтарынан бас тартуға құлықсыз.