«Ninety one» тобы болса, камбэк алдында тауда тынығып, табиғат аясында барып қайтуды жөн санаса керек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Q-pop өкілдері Медеуге барып, белсенді демалыс өткізді. Десе де, онда да қырғы иглз ұжым мүшелерін өз назарынан тыс қалдырмады. Жанкүйерлер кэмпингке аттанған мемберлерге сыйлық табыстап, енді бірі олармен бірлесіп тик-ток түсірді.

DNA тобы да өнердегі ағалары - «Ninety one» тобынан қалыспақ емес! Жігіттерден жағымды жаңалық! Кью-поп өкілдері екінші бейнебаянын ұсынды. «Бері қара» деп аталатын туынды бір тәуліктің ішінде 30 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген. «Chains» болса, ерек клип үшін топты мақтау астында қалдырды.

Есесіне, өнер әлеміне келгеніне небәрі 11 ай ғана болған Sevenlight тобы өз жұмысын тоқтатты. Бұл жайында топ продюсері Жан Мұқанов инстаграм парақшасында мәлім етті. Оның айтуынша, өзінің Алматы қаласында болмауы мен қазіргі пандемия жағдайы осындай шешім қабылдауға мәжбүр еткен. Ал жанкүйерлер топтың бір жылдық мерейтойы қарсаңында жағымсыз жаңалықты естігеніне ашулы. Тіпті «нетизерлер» бәріне Мұқановты кінәлап, оның кәсібилігіне күмән келтірді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться