Жас әншілермен дуэт құрып, жасаруға тырысқан жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас орындаушымен дуэт құрып, өзінің ескі әніне жан сыйлау үрдісін Айжан Нұрмағамбетова осыдан 5 жыл бұрын бастап кеткен. Әншінің Қайрат Түнтековпен орындаған «Мен деп ойла» трегі біраз уақытқа дейін радиоларда үздіксіз орындалды. Шығармашылық тандем қос өнерпазға да бірқатар танымалдылық сыйлағаны сөзсіз.

Қайрат Түнтеков, әнші :

- Біраз продюсерлермен жұмыс істеп тастадым. Біраз нәрсені көрдік, үйрендік. Сондықтан Қазақстанда өзіміз жүре береміз осылай жұмыс жасап.

«Бейнебаянсыз-ақ көрермен көңілінен шыққан туындыны, халық күні бүгінге дейін орындауымды сұрайды»,-дейді Айжан ханым.

Қазақ эстрадасының Примадоннасы Роза Қуанышқызы да жастармен заманауи ән шырқап, тіпті бейнебаян да түсірген. Халық әртісі клипте ұлы Әли Оқаповпен бірге Big Som-ның рэп орындауына билеп, қазнетті біраз шулатқан-ды.

Ал Дильназ Ахмадиеваның The Limba -мен жасаған коллаборациясын нью-скул тыңдарман ыстық ықыласпен қабылдады.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Ол қазір өте танымал әнші ғой. Жақсы трек жазған сияқтымыз. Бір ұнағаны Лимба жұмыста өте тез, әрі сапалы жасайды екен.

Алайда «Классно» трегіне бейнебаян таспаламағандықтан ба, әнді ютубта 113 мыңдай ғана адам қараған.

Жаңа буын өкілдерімен feat жасап, өзі де жасарып қалғандар көшінде Ресей әншісі Григорий Лепс те бар. Оның осыдан 7 жыл бұрын Тиматимен орындаған «Лондон» трегі біраз уақыт музыкалық чарттардың басында болған. Ал, Валерия болса, өзінің «Часики» әнін Егор Кридпен орындап, туындыға жаңа тыныс берді.

Сондай-ақ, ресей поп-музыкасының королі Филипп Киркоров та көштен қалмай, инстаграм жұлдызы әрі Ольга Бузованың сүйіктісі Давамен дуэт жасап көпті шулатты. Бейнебаян бір айдың ішінде 9 млн-нан аса қаралым жинаған.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться