Михаил Ефремовқа қатысты сот үкімі шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірнеше ай бұрын Мәскеудің орталық көшелерінің бірінде адам қағып, кісі өліміне себепші болған Михаил Ефремовқа қатысты сот үкімі шықты. Актер 8 жыл абақтыға жабылып қана қоймай, зардап шеккен тарапқа 800 мың рубль өтемақы төлейді. Қала берді Ефремов 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал сот залының сыртында Михаилды қолдауға бірталай жанкүйерлері мен әріптестері келген.

Голливудтың ең тәтті жұптарының бірі – Анджелина Джоли мен Бред Питті жұрт осы уақытқа дейін «бірге болады» деп күткен еді. Бірақ соңғы үміт сетінегендей. Себебі Энджи жақында ғана, Бредтің көзіне Николь есімді сәнбикемен шөп салғанын біліп қойған. Мәселе кіммен немесе қашан болғанында емес, қайда екенінде болып тұр. Питт 2014 жылы Джолимен Шато-Мираваль сарайда некелескен болатын. Кейіннен ол сол жерге ашынасымен барғаны анықталған.

Ал бірнеше күн бұрын Флоренцияда өткен «Dolce & Gabbana Alta Moda» көрсетілімі аясында әңгіме-аяң тоқтар емес. Сонда болған атақтылардың бәрі, сәнді киімдер жайлы ауыздарының суы құрып айтып жүр. Солардың қатарында кештің айтулы қонақтары: Моника Белучи, Китти Спенсер, Стелла Аминова сынды танымалдар бар. Шара барысында ара қашықтық сақталып, маска тағылған. Тіпті адам саны да шектелген.