Itunes чартының үздіктері кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Егор Крид пен The Limba ерек коллаборациясы бірден хитке айналғандай. Трекке арналған «mood video»-ның өзі youtube платформасында 1,5 млн-нан астам қаралым жинады. Тіпті Coco L'Eau композициясы Ресей елінің айтьюнс чартында да топ жарды. Бір қызығы аталмыш трек The Limba-ның сәтті шыққан «Х.О» әніне ұқсатып жазылған.

Скриптониттің лейблында жүрген Кали мен Truwer «Дерзко» трегімен айтьюнстың екінші сатысында. Музыканттар бұған дейін Скрипимен бірнеше фит жазып танылған еді. Еске салсақ, Трувер қазақстандық нью-скул әншілер қатарында. Бір жылдан бері жастар арасында кеңінен танылған Павлодарлық өнерпазды көпшілік Әділ Жалеловке ұқсатып жатады.

Үздік музыкалық платформаның үштігін рэп-дуэт Ямаджи мен Фейджи түйіндейді. Қос хип-хоп орындаушының таяуда жарық көрген «Минимум» әні көптің көңілінен шыққан-ды. Бұл жігіттер Мәскеуде өткен «Рэп-Завод» халықаралық конкурсының жеңімпаздары. Исмаил Мамыров пен Дастан Назарбаев есімді өнерпаздар дәл осы жеңістен кейін ТМД елдеріне бірден танылып отыр.