Тәуекел Мүсілім мен Фариза Ескерместі не байланыстырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

НТК арнасы жаңа маусымда көрерменін тың туындымен қуантпақ! «Жұмбақ қыз» атты телехикая қазан айында эфирге жол тартады. Жобаның негізгі мақсаты ғылым саласында да жастардың жұмыс істей алатынын көрсету. Басты рөлдерді Тәуекел Мүсілім және Фариза Ескермес ойнайды.

Фариза бұл телехикаяда сән әлемінің ерке сылқым аруының рөлінде. Бірақ оның жаны ғылымды қалайды. Сәнбикені бұл сала құшақ жайып қарсы алмаса да, ол өзін мойындату үшін түрлі қиындықтарға тап болады.

Фариза Ескермес, актриса:

– Фильмдегі образым өзіме ұнайды. Өйткені ол Гүлнар маған мүлдем ұқсамайды. Ол атақты болғысы келмейді. Әдемілікті бағалағандарды ұнатпайды. Ал мен өмірде ондай емеспін.

Иә, фильмде өз қалауыңа қарсы шығатын кездер аз емес. Мәселен басты рөлдердің бірін сомдайтын Шадияр Абдуллаев: «Өмірде мүлде қызқұмар емеспін. Бірақ кейіпкерім үшін көндім», - деп ағынан жарылды.

Шадияр Абдуллаев, актер:

- Ол қызқұмар болып басында, соңында бір қызға ғашық болып қалады. Ол қыз қарама-қайшы мінезімен келеді. Түрі де басқаша. Менің кейіпкерімнің таңдауы емес. Бұл сериал кішкене комедияға толы. Комедиядағы дебютым деп айтсам болады. Оның алдында мен тек триллер, экшн сондайға түсетінмін.

Иә, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын комедиялық сериал келер айдың аяғында өздеріңізге жол тартады.