Венеция кинофестивалі өз үдіктерін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

77-ші мәрте ұйымдастырылған Венеция фестивалі пандемия қаупіне қарамастан, жабылу салтанатына да қызыл кілем төседі. Тек кинокештен табылған қонақтар каранатин шараларын сақтауға тырысқан. Смокинг пен кешкі көйлектен құралған образдарды бұл жолы бетперделер толықтырды. Одан бөлек, арнаулы жолақ бойын жағалаған жанкүйерлер байқалмайды.

Көп ұзамай, шараның негізгі бөлімі де басталды. Әдетте шоу-бизнестің ығайы мен сығайы жиналатын бұл кеште, көп жұлдыздың қарасы көрінбейді. Он күнге созылған сайыста 18 картина бас жүлдеге таласқа түскен еді. Жер-жаһаннан жиналған ленталарға қытайлық режиссер – Хлоя Чжао «Көшпенділер жері» картинасымен шаң қаптырды. /02.21.36/ Бірақ, өкінішке қарай киногер шараға қатыса алмады.

Ал «Біздің әке» лентасындағы ойыны үшін Франческо Фавино арнайы жүлдені еншілесе, Ванесса Кирби «Әйел көрінісі» фильміндегі шеберлігі үшін «үздік актриса» атанды.

Сондай-ақ, бұл кеште ресейлік киногерлер құр алақан қайтпады. Андрей Кончаловский «Дорогие товарищи» фильмімен қазылар алқасының арнайы жүлдесін еншіледі. Өнер иесі маңызды сәтте жары - Юлия Высоцкая туралы ұматпады.

Маңызды марапаттар иелеріне табысталған соң, кинокеш журналистер жүздесуімен жалғасты. Еске салсақ, Кейт Бланшетт биыл да қазылар алқасын басқарған болатын.

Кейт Бланшетт, актриса:

- Биыл киносайыс ерекше жағдайда өтті. Әлемдегі пандемия өмірімізді өзгерткені жасырын емес. Келер жылы кинофестиваль бұрынғыдай өтеді деп сенемін.