Тимати мен Анастасия Решетованың екі жаққа кетуіне не себеп?

Сообщить о проблеме с эфиром

Біз енді бір бүтін емеспіз! Бұл Анастасия Решетованың үш күн бұрын жариялаған жазбасы. Жұрт әлі де сенер емес. Кейбірі сәтсіз хайпқа балап жатса, енді бірі көздеріне еріксіз жас алуда. Постта сылқым Тиматидан кешірім сұрап, онымен өткізген алты жылдың теңдессіз болғанын айтқан. Бұған қарап кейбір оқырмандар бар кінәні Настядан көрсе, екінші тарап «рэпер тағы жүріс жүріп кеткен» деп топшылауда.

Енді тұрмысқа шыққым келмейді! Голливудтық актриса – Дрю Бэрримор шулы мәлімдеме жасады. Ер азаматтардан көңілі қатты қалған Дрю: «енді өмірімді әлдекіммен байланыстырғым жоқ», - деп қысқа қайырды. Бірақ сылқым сонда да махаббатқа сенетінін айтады. Төрт жыл бұрын Уилл Копельманмен ажырасқан ол әліге дейін ешкіммен көңіл жарастырмады.

Селена Гомес соңғы берген сұқбатында, махаббат хикаяларында кездескен қиындықтарымен бөлісті. «Жүрген жігіттерімнің көбі, ақылынан алжасқан деп ойлайтын. Бірақ маған бәрібір, мен өнер адамымын ғой», - деген Селена сезімді көксеп жүргенін жасырмады. Бірақ әнші, карантинде жігіт табудың қиын екенін де жеткізді.