Тимоти Шаламе суперқаһарман атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Дюна» лентасы дәл осы жылдың көптен күткен туындысы атанып отыр. Шытырманға толы картина 2011 жылы таспалануы тиіс еді. Алайда араға талай жыл салып авторлар фильмді енді жарыққа шығармақ. Бір қызығы басты рөлге таңдалып алынған Тимати Шаламенің орнына о баста Леонардо ДиКаприо түсуі керек болатын. Ал, фантастика ғарышта өмір сүретін құбыжықтардың адамзатпен шайқасы туралы.

«Тақтар ойыны» жұлдызы Эмилия Кларк жаңа ғашығымен папарации көзіне ілікті. Актриса «Корона» телехикаясының жұлдызы Мэтт Смитпен көңіл жарастырған көрінеді. Голливуд танымалдары соңғы уақытта жиі Лондон қаласында бірге уақыт өткізіп жүр. Еске салсақ, Эмилия мен Мэтт 2015 жылы «Терминатор: Генезис» фильмінде бірге түскен еді.

Ирина Шейк жас блогерді сотқа берді! Әйгілі сәнбике Володи XXL есімімен танылған тик-токердің үстіне арыз берген. Оған себеп, ғаламтор жұлдызының Иринаесімін өзінің әндеріне рұқсатсыз қосуы. Бикештің пайымынша, туынды Шейктің арқасында бірден трендке айналған. Енді Володи бұл қылығы үшін заң алдында жауап бермек.