Мөлдір Әуелбекова шәкірттеріне де орамал таққызбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Екінші рет тұрмысқа шығып, өз образын да, атын да өзгерткен Айша, яғни Мөлдір Әуелбекова «Назар» тобының да имиджін ауыстырмақ. Продюсер топ мүшелеріне өзі секілді орамал таққызбақ. Бұл жайында өнер иесі инстаграм парақшасында мәлім етті. Алайда қазнет қолданушылары Әуелбекованы қолдауға асықпады. «Дінге өз еркімен келмесе, сахналық образ үшін біреуді қинаудың қажеті жоқ», - десті оқырмандар.

Әнші Тұрар болса, ескі әндерге жаңа дем беруді жалғастыруда! Өнерпаз күні кеше көпшілікке Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның орындауында құлаққа сіңген «Айналайын» әнін өз нұсқасында ұсынды. Жас рэпердің кавері нью-скул тыңдармандарынның көңілінен шыққандай. Тіпті кейбірі: «түпнұсқаны басып оза алды», - деп жарыса пікір жазуда.