«Apple» компаниясы кезекті таныстырылымын өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Apple» компаниясының Iphone 12-ні уақытылы ұсынбағаны көпшіліктің наразылығын тудырғаны анық. Тұтынушылар дәстүрге сай, қыркүйектегі әр таныстырылымда жаңа смартфонның тұсаукесерін асыға тосатын. Алайда әйгілі бренд бұл жолы өзге гаджеттер көрсетілмімен шектелген-ді.

Күні кеше Калифорния қаласында өткен презентацияда бұл iPad-тің сегізінші нұсқасы, iPad Air және Apple Watch Series 6 ұсынылды. Авторлар заманауи технологиялармен жабдықталған гаджеттерді жаңа дизайнде дайындаған.

«Apple»-дің су жаңа өнімі Apple Watch бұрынғысынан 20 пайызға жақсырақ жұмыс істемек. Қолға арналған сағат адамның денсаулығын бақылап отырады. Оның бағасы 478 доллар, яғни 200 мың теңгеден асады.

Ал iPad 8 IPS-экранмен жабдықталған. 9,7 дюмдық планшет Apple A12 процессорынан тұрады. Сондай-ақ, iPad Pro-да сатылымға шығуға әзір. Ол, қара, ақ, көк және жасыл түсте ұсынылмақ.

«Apple»-дің жаңа гаджерттері 18-ші қыркүйектен бастап әлемдік сатылымға шығады. Ал көптен күткен Айфон 12 қазан айының соңына қарай жарық көреді деп жрспарланып отыр.