Конкурс керек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Түрлі конкурстар мен әнсайыстарға қатысты отандық шоу-бизнес өкілдерінің пікірі сан түрлі. Меруерт Түсіпбева шын таланттардың елімізде қадірі болмағандықтан, бұл үрдістің қалыптасқанына сенімді. Тіпті әнші кезінде Димашты бағаламаған кей әріптестеріне әлі де ренжулі көрінеді.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

- Бізде Димашты қабылдамаған адамдар, мен не айтам оларға. Сол үшін мына жастар Әміре сияқты Славянский базарға барып, атын дүр сілкіндірді. Қазақстанды бір көтерді. Содан кейін бәріміз жабыстық Әміре, Әміре деп дұрыс па? Бізде қазақтар сондай, бар нәрсені, талантты бағалай алмайды.

Ал жас әнші Айри конкурстарға танымалдылық үшін ғана емес, тәжірибие үшін барған жөн деген пікірде.

Ayree, әнші:

- Әрине, халықаралық байқауға әншілер негізі бару керек. Себебі, сол байқауда кәсіби вокалдық деңгейің өседі, әртіс ретінде. Мен негізінде сол тәжірибие үшін барам сол байқауларға.

Есесіне, Сара Амангелді әнсайыстарға үзілді-кесілді қарсы. Оған себеп, бикештің бала кезінде басынан өткен жағдайы. Конкурстардың бірінде, қазылар алқасында таныстарының болуы, әрі анасының танымалдылығы жарыста көптің наразылығын тудырса керек. Кейіннен Сараға сайыста әнді тағы бір мәрте өз дауысымен қайта орындап шығуға тура келген.

Сара Амангелді, әнші:

- Былай негізі байқауларға қатысқанды, содан кейін ұнатпай қалдым. Жүрегімде не қалып кетті де, қалай айтсам енді, өкпе ма. Одан кейін ешқандай байқауға барған да жоқпын.

Ал Әли Оқапов еліміздегі конкурстардың деңгейі төмен екенін алға тартады. Сондықтан, халық әртісінің ұлы халықаралық байқаулармен бәсекеге түсе алатын, төл конкурс ұйымдастыру керек екенін алға тартады.

Әли Оқапов, әнші:

- Менің ойымша әбден лайықтымыз және де уақыт келген сияқты өзіміздің де бір халқаралық деңгейдігі үлкен конкурс ұймыдастырсақ дегендей. Неге бізге келмеске шетелдіктер және біздің сахна неліктен дүниежүзіне танымал бомасқа дегендей.