Михаил Ефремовқа тағы айыптар тағылып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады! Бұл соңғы уақытта Михаил Ефремовқа қарата айтылған сөз секілді. Актерге үкім шыққаны сол-ақ еді, ол жайлы түрлі жағымсыз ақпараттар су бетіне қалқып шығуда. Мәселен, Михаил осыдан үш-төрт ай бұрын Мәскеудегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ашынасы Дарья Белоусовамен тәртіпсіздік орнатқан. Ал үй иесі Ефремовтың әлі өтемақыны төлемегенін айтады.

Бред Питтың жаңа ғашығы – Николь Потуральский болса, Анджелина Джолиға қатысты тұңғыш рет пікір білдірді. «Мен ешкімді тартып алған жоқпын және Энджиға ешқандай өшпенділік сезімі жоқ. Енді бұл жайлы сұрамасаңыздар», - деп сұқбатын қысқа қайырды жас сәнбике. Индсайдерлердің сөзіне сенсек, Бред пен Николь өткен жылдан бері тығыз қарым-қатынаста екен.

Cardi B шыдамының таусылғанын айтты! Сондықтан әнші, жары Оффсетпен ажырасуға шешім қабылдаған. Карди: «Киаримен әңгімеміз жараспай кетті. Тіпті соңғы бірнеше ай бөлек тұрып жатырмыз», - деп Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген. Естеріңізге салайық, олардың ортақ 2 жастағы Культур есімді қыздары бар.