Жұлдыздар арасында жаңа тренд!

Сообщить о проблеме с эфиром

3200 метр биіктік! Отандық жұлдыздар таңғы алтыда тұрып, Шымбұлақтың шыңына шықты. Тәтті ұйқасын таза ауаға алмастырғандар көшін «экс-Алаулық» Ержан Мұқатаев бастады.

Бұл бастаманың ұйытқысы болған ол, бұрындары әріптестерімен бірге Фурманов, Түрген, Мәншүк биіктерін бағындырып келген. Мұқатаевтың қатарына қосылғандар арасында Мақпал Исабекова, Индира Еділбаева, Гүлназ Жоланова да бар.

Ержан Мұқатаев, «Алау» тобының экс-әншісі:

- «Көз қорқақ» деген сияқты секілді ғой негізінде. Шықсаң шыға бересің. Ең бастысы саған табиғат ұнаса, денсаулығыңды маңызды санасаң оңай келеді.

Бұл күні Мұқатаев өнердегі әріптестерімен бірге 30 мыңға жуық қадам, яғни 21 километр жаяу жүріп өтті. Аталмыш көрсеткіш спортшыларға сай нәтиже. «Бірақ, 2,5 ай бойы табиғат аясына шығып жүргендіктен, етіміз әбден үйренді», - дейді әнші.

Ержан Мұқатаев, «Алау» тобының экс-әншісі:

- Спортпен шынымды айтсам жақында ғана таныстым. Бір 2-3 жылдай болған шығар өйткені «позвоночник» омыртқа дейді ғой, омыртқам ауыратын сол кезде жаңағы дәрігердің кеңесі болатын спортпен айналысу керек.

Жұлдыздардан жасақталған бастамашыл топта жуырда Мәскеуден келген Батыржан Тазабеков те бар. Карантиннің кесірінен елге оралған «The Jigits» тобының мүшесі дәл осылай мінсіз мүсін иесі атанбақ ниетте.

Батыржан Тазабеков, «The Jigits» тобының әншісі:

– Көріп тұрғандарыңыздай менің артық салмағым бар. Енді бұдан арылудың бірден-бір жолы тауға шығып спортпен шұғылдану деп ойлаймын. Мені көндірген әріптес достарыма алғыс айтамын.