Бір рөлден кейін, тұралап қалған актерлар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сартай батыр» болып бекітіліп қалған – Асылхан Төлепов. Актер аталмыш фактты жоққа шығармайды. Тіпті соңғы фильмдерінің халыққа кеңінен «Жау жүрек мың баладай» танылмай жатқанын да жасырмайды. «Бірақ түскен туындыларымның айтар ойы жоқ емес» дейді Төлепов.

Асылхан Төлепов, актер:

- Осы соңғы экранға шыққан фильмдерім «Финансист» және «Көкпар» туралы фильм. Қырғызстанда «Көк бөрі» деп шығарды. Енді ол фильмдердің мағынасы бар, айтар ойы бар.

Осы уақытқа дейін талай туынды таспаласа да, ел Нұртас Адамбайды «Келинка Сабина» ретінде танып алған. Бүгінде продюсердің қоржынында өзі мұрындық болған «Побег из аула», «Тараз», «Лифт» сынды ленталар бар. «Басқа образды сомдасам да, жұрт мені Сабина деп біледі. Сол жағы аздап өкінішті» дейді Нұртас мырза.

Нұртас Адамбай, актер:

- Осы уақытқа дейін талай жақсы туындылар түсірдік. Әкім де, басбұзар да болдым. Күйеужігіттің рөлін де сомдадым. Бірақ көшеден, қоғамдық орыннан көріп қалғандардың бәрі «О Сабина» дейді.

Өзі фильм таспалап, кино әлеміне енді еніп келе жатқан Әсел Сәдуақасова да «Режиссерлар мені тек тұрмыстағы әйел образында көреді» деп қынжылды.

Әсел Сәдуақасова, актриса:

- Негізі ешқандай эксперименттен қорықпаймын. Керісінше өзімді батыл рөлдерден көргім келеді. Әзірге ондай мүмкіндік болмай тұр. Көп кинорежиссерлар үй шаруасымен шаршаған әйел бейнесінде көреді. Өкінішті.

«Томирис» туындысы жарық көрген сәтте, басты рөлдегі актриса – Альмира Тұрсынды көпшілігі «Бір образға бекітілді» деп кино мансабына нүкте қойып үлгерген-ді. Бірақ Альмираның өзі аталған пікірлермен келіспейтінін, керісінше өзін енді басқа бейнеде көргісі келетінін айтады.

Альмира Тұрсын, актриса:

- Менде қазір жаңа проект бар, мен сол проектіге түссем, жұмыс жасасам өте қуанышты боламын, өте риза боламын. Жеке өмірім бар, балам, күйеуім, сол отбасымен айналысып, оқуымды оқып. Мен әрқашан оқу тауып, оқуда жүремін.

Бір образда ел есінде жатталып қалған әртістердің қатарында: басбұзар – Мұрат Биссембин, қызқұмар – Тәуекел Мүсілім, комедиялық рөлдерде – Әбунасыр Серіков бар.