Димаш Құдайберген тағы да оқ бойы озық шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер иесі MTV USA арнасында ана тілінде ән орындаған тұңғыш қазақ әншісі атанбақ! Отандасымыздың қазақ тілінде орындалған әніне таспаланған бейнебаяны MTV USA арнасынан қалың жұрт назарына ұсынылмақ. Кәрі құрлықты талантымен тамсандырып, ана тіліндегі туындысын ұсынған тұңғыш қазақ әншісі атанған Димаш тағы да ел аузында. Клип MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез-келген ел тамашалай алмақ.

Ал, әйгілі Виагра тобының солисі Эрика Герцег енді қазақстандық әнші атануы мүмкін. Бикеш инстаграм парақшасына «Қазақстанға қош келдім» деп жазба қалдырып көпті ойландырды. Қазақтың ұлттық киімін киіп, домбыраның үніне сызыла билеген Эриканы, көзі қырағы көрермен: «Виагра үштігінен шығып, ендігі шығармашылығын Қазақстанда жалғастырады» деп жазған. Айта кетсек, Эрика инстаграм профилінде топқа қатысты барлық мағлұматты өшіріп тастаған. Бәлкім, әнші шынымен де болашағын біздің елде көрген болар?

Дидар Кәден де интриганы сүйетіндер қатарынан. Сері біраздан бері айтып жүрген сүйіктісін көпке көрсетті. Әдетте түрлі хэштегтен тұратын Дидардың инстаграмдағы посты, бұл жолы тек жүрекпен шектелді. Әрі көптің сөзінен қорықты ма, Кәден пікір жазуға шектеу қойыпты. Бір білетініміз, сылқым да өнер адамы!