Кайли Дженнер қайтадан сынның астында қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер қайтадан сынның астында қалды! Бұл жолы миллионер бикеш қызына құны 12 мың доллар тұратын сөмке сыйлаған. «Мектептегі алғашқы күн», - деп пост салған сылқымды, оқырманы жерден алып, жерге салуда. Көбі «балаға сондай қымбат рюкзак әперу болмайды», «жастайынан неге тәрбиелеп жатырсыз» деп наразылықтарын білдірген. Кайлидің өзі болса, аталмыш хейтке еш назар аудармақ емес.

Билли Айлиш Джеймс Бонд жайлы жаңа киноның саундтрегіне клип таспалады! Атақты тыңшы туралы «No Time To Die» лентасының релизы осыдан сегіз ай бұрын жасалса да, тұсаукесері карантин кесірінен кейінге қалдырылған еді. «Аңыз фильмнің бір бөлігі болу, мен үшін құрмет. Рақмет саған, 007» дейді Билли.

Warner Bros. Энн Хэтэуэй басты рөлді сомдаған «Мыстандар» фильмінің трейлерін көрерменге ұсынды! Оқиға желісі бойынша әжесі мен немересі, кішкентай балаларды тышқанға айналдырып жіберетін мыстандар тобырына тап болады. Сюжет әруақтар мен тылсым күш арқылы өрбімек. 22 қазан күні АҚШ-тың «HBO Max» сервисінде жарық көретін лентаның, кассасы да табысты болары сөзсіз.