Алтынай Жолдыбаева «маммопластика» жасатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мінсіз мүсінді армандаған Алтынай Жолдыбаева «маммопластика» жасатты! Әнші кеудесін үлкейткені жайлы жаңалығын инстасторис арқылы жеткізді. «Наркоздан ояна сала, бұл хабарды оқырмандарыммен бөліспесем болмады», - дейді бикеш. Ал жанкүйерлердің бірі кіші Жолдыбаеваның бұл қылығын құп көрсе, енді қалғаны айыптың астына алуда.

Назима қазақша ән айтады! «Black Star»-лық сылқым кезекті туындысын қазақ және орыс тілінде ұсынбақ. Сондай-ақ өнерпаз көп ұзамай, бұл трекке таспаланған бейнебаянның тұсауын кесетінін айтып, көпті қуантты. Еске салсақ, Назима «Black Star» лейблымен келісім шартқа отырғалы тек орыс тілінде ғана шырқап келген еді.

«Nomad Stunts» каскадерлар командасы тағы бір ауқымды жобада! Ат құлағында ойнайтын жігіттер «Warrior» студиясының «Жауынгер» телехикаясының екінші маусымына шақырту алған. Оңтүстік Африкада түсірілім жұмыстарында жүрген ұжым туындыда әйгілі Брюс Лидің қызы Шеннон Лимен бірге бой көрсетеді. Аталмыш жобада Эндрю Коджи, Оливия Чен, Перри Юн, Хун Ли және UFC майтмалманы Майк Биспинг сынды танымал тұлғалар жетерлік.