Брэд Питтің Анджелина Джолиге өкпесі қара қазандай!

Сообщить о проблеме с эфиром

Брэд Питтің Анджелина Джолиге өкпесі қара қазандай! Актер өз балаларымен кездесе алмай, дал болып жүр. Голливуд жұлдызы бұл жағдайда Джолиді кінәлап отыр. Себебі, Энджи каратинді сылтауратып, Франциядан оралған Брэдпен ұл-қыздарын кездестірмей қойса керек. Енді, Питт мырза өз құқығын таптаған экс-жарымен соттаспақ ниетте.

Адель шынайы махаббатын кездестіргенін жұртқа жария етті! Әлемге әйгілі орындаушы Джозеф Джуниор Аденуга есімді рэпермен көңіл қосқан. Музыкант бүгінде көпшілікке Скепта лақап атымен танымал. Тіпті, таяуда 37 жасқа толған ғашығына Адель 1,5 млн долларлық алқа сыйлаған көрінеді. Еске салсақ, әншінің экс-күйеуімен ажырасқанына жарты жылдай уақыт болды.

Джастин Бибер фанаттарының қызу талқысына қалды. Оған музыканттың денесіне салған татуы себеп. Бибердің таңдап алған суреті гүлге оранған «С» әріпі. Оны көпшілік экс-ғашығы Селена Гомеске арнаған деп топшылауда. Жанкүйерлер: «Бұрынғы махаббатын әлі күнге дейін ұмыта алмай жүр», - деп жарыса жазуда.