Отандық киногерлер кинотеатрлардың ашылуын талап етуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Онлайн петиция! Кино майталмандар жаппай кинотеатрлардың ашылуын талап етіп, Президентке наразылық ноталарын жолдауда. Мәселен, Жеңісхан ТМД-да, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Украина, қала берді Қытайда кинотеатрлардың жұмыс істеп тұрғанын айтады.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Тек қана мен емес, продюсерлар және де кинокомпанияда жұмыс істейтін, кинотеатрдың өзінде жұмыс істейтін қаншама жұмыскерлер жұмыссыз отыр және де қаншама кинотеатрлар жабылып жатыр уже Қазақстанда. Сондықтан Алла бұйыртса ашады деген ойдамын. Өйткені самолетың бар, рестораның бар, клубың бар, бәрінде адамдар жүре алады, неге кинотеатрда жүре алмайды?

Жас режиссердің пікіріне Азамат Сатыбалды да қосылады екен. «Кинотеатрлар шаш етектен шығынға батты. Меніңше ашатын кез келген сияқты», - дейді ол.

Азамат Сатыбалды, актер:

– Жалпы менің түсінігімде кинотеатр иелерін түсінуге болады. Өйткені қаншама миллиардтаған ақшадан, қаржыдан айырылып жатыр. Олардың жаңағы налогтары бар дегендей, жұмысшы қызметкерлері бар дегендей. Оның үстіне тағы да ең басты мәселе көрермен бар. Көрермен басты қалап тұрса, көрермен келеміз деп тұрса, кинотеатрларды ашу керек сияқты. Дайынбыз ба, дайын емеспіз ба деп соза беруге болмайды.

Алдағы жылы, көктем мегізілінде туған ағасына арнап кино түсіргісі келетінін айтқан Азамат мырза: «Қорқа бергеннен пайда шамалы. Сондықтан фильмді тәуекел етіп таспалаймын», - деп отыр.

Азамат Сатыбалды, актер:

– Қашанғы қорқа береміз. Сондықтанда бел шешіп күресу керек сияқты. Көру керек, қаншалықты бұл жемісін береді. Егер жемісін бермесе, ақырындап қоя қоярмыз. Қазір енді белден басып, ашылмасын кинотеатр деген, дұрыс еместеу сияқты. Өйткені мүмкіндік беру керек оларға.

Ашылғанына екі күн болған петицияға бүгінде 25 мыңға жуықадам қол қойып үлгерген. Олардың қатарында: Асылхан Төлепов, Олжас Әлжанов, Тәуекел Мүсілім сынды жас актерлер бар.