Тәуекел Мүсілім, жары Махаббатпен шетелге аттанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бал айы басталды! Тәуекел Мүсілім ақыры тәуекелге бел байлап, шекаралар ашыла сала шет елге шығуға шешім қабылдаған. «Таныстарымның бәрі: вирус жұқтырудан қорықпайсың ба? Сол жақта қалып қойсаңдар ше? Күте тұрсаңшы» сынды сұрақтар қоюда. Тек ақ жол тілеңіздерші», - дейді актер. Мүсілім-тегі Махаббатымен қай мемлекетке бет алғанын әзірге құпияда ұстап отыр.

Арман Юсупов әкесінің арманын орындады! Вайнер күні кеше асқар тауының көлігін адам танымастай етіп өзгертіп, жөндеу жұмыстарынан өткізген. «Мен бұған 2 жылдай дайындалдым, қаржы жинадым», - деген Арман көзіне жас алып, тұлпар кілтін туғанына табыстады.

Кішкентай қыздың үлкен махаббатын баяндайтын бейнетаспа! Бұл Black Star-лық Назиманың күні кеше жарық көрген клипінің сюжет желісі. Бір күннің ішінде 100 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген туындыға жазылып жатқан пікірлер жағымды. Тректі Shami есімді әншімен орындаған Қазақстандық арудың бастамаларына көпшілігі сәттілік тілеуде!