«iТunes» чартының үздіктері анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Deep End» трегі «iТunes»-тың көш басында! Аталмыш композицияны америкалық әнші Fousheé орындайды. Таяуда ғана өнерге қадам басқан поп орындаушыға бұл трек танымалдылық бірден алып келген-ді. Тіпті, тың туынды әлемдік музыкалық чарттарда ғана емес, TikTok әлеуметтік желісінде де хитке айналған.

Баста мен Зиверт қазақстандық тыңдарманның сұранысына ие болды. Ресейлік қос өнерпаздың 1 ай бұрын жарық көрген «Не болей» туындысы «Apple Music», «iТunes» платформаларында топ жарып, екінші орынға жайғасты. Әнге арналған бейнебаянның өзі ютуб видеохостингінде 24 млн-нан аса қаралым жинап отыр.

Топ үштікте ТМД-ға танылған белоруссиялық музыкант Тима Белорусских! 22 жастағы өнерпаз өзінің «Окей» трегімен тыңдарманның жүргені жаулап алды. Еске салсақ, «Мокрые кроссы» хитімен таныс әнші былтыр Ресейде «Жыл хиті» атанған еді.