HIRO, Andro және Qontrast ұсынған су жаңа трек трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

HIRO, Andro және Qontrast! Талантымен таңқалдырып жүрген өнерпаздар бірігіп «бомба» трек ұсынып отыр. Күні кеше жарық көрген «Гипноз» әнін трио болып орындау, нью-скул әнші Qontrast-тың идеясы екен.

HIRO, рэпер:

- Qontrast атымен танылған Баха есімді жігіт менің жақын досым. Ол маған әннің демо нұсқасын жіберді. Трек көңіліммен шығып, оны бірге шырқайық деп ұсыныс білдірдім. Сол күні-ақ Андроға жіберіп, әнді толығымен жазып тастадық.

HIRO: «Аталмыш туындыны әуел бастан ТМД-ға танылған Андромен бірге орындағым келді», - дейді. Музыкант украиндық жас әншімен бұған дейін жеке таныс болмаса да, әріптес ретінде араласқан.

HIRO, рэпер:

– Андромен өмірде кездесіп көрген емеспін. Бірақ әлеуметтік желіде жақсы араласамын. Бір-бірімізден ақыл сұрап тұрамыз. Ортақ достарымыз өте көп.

Алғашында «Хиросима» есімімен танылған Қайдаров Бекболат өнерде жүргеніне біраз болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. 2007 жылдан бері рэп шығарып, ғаламторда өз аудиториясын жинап алған ол, әлі күнге дейін танымалдылығын жолғалтпақ емес. Оның айтуынша, жетістікке жетудің сыры қарапайым.

HIRO, рэпер:

– Бір түсінгенім туындыдан көп нәрсе күтпеу керек. Себебі, трек хит болады деп ойласаң, мүлдем керісінше шығады. Сондықтан да мен қатты ондайға көңіл аудармауға тырысамын, сол кезде ғана ән жарып шығады.

Бүгінде HIRO-ны көпшілік Ирина Кайратовнамен фиттері арқылы таниды. Бекболат соңғы уақытта туындыларын тек дуэтте ұсынып жүр. Жеке ән орындауды сиреткен HIRO: «коллаборация жасау қазіргі заман талабы»,- дейді. Еске салсақ, нью-скул әнші кезінде шығармашылық үнсіздік алып, көрінбей кеткен еді. Рэперге сол сәтте өнердегі достары ИК қолдау көрсеткен.

HIRO, рэпер:

– Сахнадан кеткенім шығармашылығыма кері әсерін тигізді. Әсіресе эмоционалды тұрғыдан. Өнерді қайта қолға алып, тректер жазу қиынға соқты. Тіпті, бір кездері музыкадан мүлдем кетем деп ойлаған сәттер болды. Бірақ ешқандай мәселеге қарамастан мен қайта оралдым.

«iTunes» чартының көшін бастап жүрген HIRO жуырда жеке альбомын ұсынбақ. Бұл жолы музыкант тыңдармандарын қуанту үшін өзінің авторлық композияларын көбейтемін дейді. Оған қоса, HIRO Andro және Qontrast-пен «Гипноз» әніне «mood» видео түсіруді жоспарлап отыр.