Отандық актерлар ганорарларының аз екенін айтып, шағымданды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бір фильмге түсіп жұлдыз болу бар да, бай болу жоқ». Бұл бүгінгі актерлар қауымының назы. Мәселен, Айнұр Ілиясова: «Тек кино мен театрдың гонорарына өмір сүру мүмкін емес»,- дейді. Актрисаның пікірінше, кейбір продюсерлер еңбекті тиісінше бағаламайтын көрінеді.

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Көптеген киноларда шектеу бар, мысалы үшін ақшамыз бар бюджетіміз осындай, келісесің бе деген. Егер жақсы рөл болса, қайтып бас тартасың. Өйткені бұл жерде таза ақша үшін ғана емес, творчество үшін де жұмыс істейсің ғой. Егер сенің жағдайың бар болып тұрып мысалы үшін, тиынға түсіп бересің, ал жағдайың болмаса, әрине қайда барасың.

Айнұрмен әнші Айқын Төлепберген де келіседі. Таяуда ғана кино әлеміне қадам басқан өнер иесі: «Актерлардың жанайқайын енді түсіндім», - дейді. Тіпті Төлепбергентегі «ән айтып жүре бергенім дұрыс» деп қалжыңдады.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Кино әртістерінің табысы кішкене аздау екен, менің бір байқағаным. Кино әртістер тамадалықтан болмаса, былай киноға түскеннен аздау ақша табады екен. Ал әншілер енді бір тойға барып миллион алып келеді, бір жарым миллион, екі миллион алып келеді. Ал әртістер қауымы бір кинодан миллион алады.

Ал актриса Данагүл Темірсұлтанова театрдан да, кинодан да тауып жатқан табысына көңілі толады. Өнер иесі: «Қара шаңыраққа жастар ақша үшін емес, кәсіби өсу үшін келу керек», - деген пікірде.

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

- Театрға ақша табам, мен байимын деп бармайды ешкім де. Сондықтан ол рухани азық алады, рухани азық береді өзі. Театрдан бөлек біз сериалмен, киномен былайша айтқанда нанымызды тауып жатырмыз ғой. Өмір сүріп жатырмыз деген сияқты, сондықтан біздің жаңағы сериал мен кинодан алатын гонорарымыз ғой.

Гонорарымен мақтана алатындар қатарында «Патрульдік» Мейірхан Шерниязов та бар. Актер әрі вайнер: «Қандай рөл сомдасам да, қаламақымды өзгертпеймін»,- дейді.

Мейірхан Шерниязов, актер:

– 15 мың доллар. Содан басталады да. Одан кейін ары қарап төмен түседі. Менің қоятын бір-ақ шартым бар тек қана. Менде ставка бір. Бір кішкентай сахнаға шақырдың ба или бүкіл главный рольге шақырдың ба без разницы.